Сарыағаш ауданының Қоғамдық кеңесінің 2016 жылы атқарған жұмысы туралы мәлімет

Сарыағаш ауданының Қоғамдық кеңесінің 2016 жылы атқарған жұмысы туралы мәлімет

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес Сарыағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы №50-442-V шешімімен Сарыағаш ауданының Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) құрамы және ережесі бекітілді.

Аталған шешіммен Қоғамдық кеңестің құрамы 24 тұлғадан құралды.

Қоғамдық кеңестің 2016 жылғы 03 наурыздағы бірінші отырысының күн тәртібінде қоғамдық кеңес төрағасын, хатшысын, кеңес төралқасын сайлау мәселесі қаралып, дауыс беру нәтижесімен қоғамдық кеңес төрағасы, хатшысы, төралқа мүшелері сайланып бекітілді.

Қоғамдық кеңес мүшелері арасынан төрт тұрақты комиссия құрылды.

Қоғамдық кеңестің құрамы Сарыағаш аудандық мәслихатының saryagashmaslihat.gov.kz веб-сайтында орналастырылып, Сарыағаш ауданы аумағында таралатын «Сарыағаш» қоғамдық-саяси газетінің 11 наурыз 2016 жылғы №14-15 (11511-11512) санында жарияланды.

Сонымен қатар, «Сарыағаш» қоғамдық-саяси газетінің 18 наурыз 2016 жылғы №16-17 (11513-11514) санында «Қоғамдық ұйым жұмысын бастады» тақырыбында мақала жарияланып, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы негізінде Қоғамдық кеңес құрылғандығы, төрағасы, құрылған комиссия төрағалары туралы мәліметтер қамтылды.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің 2016 жылдың мамыр айындағы отырысында Қоғамдық кеңестің бірінші отырысында құрылған тұрақты комиссиялары өзгертіліп, бес тұрақты комиссия құрылды.

Атап айтқанда:
1) Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия;
2) Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәіселелері жөніндегі тұрақты комиссия;
3) Білім, денсаулық сақтау және мәдени ағарту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия;
4) Әлеуметтік сала және жастар жөніндегі тұрақты комиссия;
5) Этика және марапаттау жөніндегі тұрақты комиссия.

Бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияны Жұмасай Абай Манатұлы, Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәіселелері жөніндегі тұрақты комиссияны Өтенов Өмірзақ, Білім, денсаулық сақтау және мәдени ағарту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияны Қырғызалиев Бейсенәлі; Әлеуметтік сала және жастар жөніндегі тұрақты комиссияны Қанжигитов Еркимбек Қаныбекович, Этика және марапаттау жөніндегі тұрақты комиссияны Сейтімбетов Сахидулла Рахматуллаевич басқарды.

Бұл жөнінде «Сарыағаш» қоғамдық-саяси газетінің 18 мамыр 2016 жылғы №26 (11523) санында «Комиссия құрамы қайта жасақталды» тақырыбында мақала жарияланды.

Сонымен қатар, «Сарыағаш» қоғамдық-саяси газетінің 08 шілде 2016 жылғы №33 (11530) санында «Қоғамдық кеңесте елдік мәселелер қаралады» тақырыбында Қоғамдық кеңесінің 2016 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат жарияланды.

2016 жылдың шілде айында Сарыағаш қаласындағы Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде Оңтүстік Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесі жанындағы жер мәселесі бойынша құрылған 2-жұмысшы топтың отырысы өткізілді.

Отырысқа облыстық басқарма басшылары, Республикалық комиссия мүшесі, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, Сарыағаш, Мақтаарал, Шардара, Қазығұрт аудандары мен Арыс қаласының шаруа қожалық төрағалары қатысты.

«Сарыағаш» қоғамдық-саяси газетінің 15 шілде 2016 жылғы №34 (11531) санында «Шаруа үні тыңдалды» тақырыбында мақала жарияланып, Сарыағаш қаласындағы Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде Оңтүстік Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесі жанындағы жер мәселесі бойынша құрылған 2-жұмысшы топтың отырысы өткізілгендігі, отырысқа облыстық басқарма басшылары, Республикалық комиссия мүшесі, бұқаралық акпарат құралдары өкілдері, Сарыағаш, Мақтаарал, Шардара, Қазығұрт аудандары мен Арыс қаласының шаруа қожалық төрағалары қатысқандығы қамтылды.

Қоғамдық кеңестің 2016 жылғы отырыстарында Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңымен Қоғамдық кеңестерге берілген құзыреттер шегінде аудандық жергілікті мемлекеттік басқару органдары басшыларының есептері тыңдалды.

Атап айтқанда:
1) Сарыағаш ауданы әкімінің «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2015 жылдың қорытындысы және алдағы тұрған міндеттері туралы»;
2) ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының, Ақтөбе, Жартытөбе ауылдық округ әкімдерінің «Ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы (Көктем егістігіне дайындық және оны өткізудің барысы туралы), «Қазақстан Республикасы Жер заңнамасы талаптарын түсіндіру»;
3) Білім, денсаулық сақтау және мәдени ағарту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияны Б.Қырғызалиевтің «Жастар арасындағы тәрбиені және білім сапасын арттыру»;
4) ауданның экономика және қаржы бөлімі басшысының «2016-2018 жылдарға арналған ауданның бюджеттік бағдарламасы аясында 2016 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы»;
5) Біртілек, Қошқарата, Жемісті, Ұшқын, Ақжар ауылдық округтері әкімдерінің «Жер қатынастары саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы» есептері.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауаптар беретін мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылатындықтан аталған бөлімдер мен ауылдық округтер әкімдерінің есептерін тыңдау нәтижесімен Қоғамдық кеңеспен қабылданған шешімдерді назарға алып, қажетті шаралар қабылдау ұсынылды.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңесте ұстаз аналар З.Ахметова және Ш.Бакированың Сарыағаш ауданы Біртілек ауылдық округі аумағындағы №115 «Көлтоған» жалпы орта мектебіндегі заңсыздықтар жайлы жазылған арызы, Жібек жолы ауылдық округі Жібек жолы ауылының тұрғындары Г.Азизов, А.Акбердиев, Р.Аскеров және т.б. жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу мәселесі бойынша арызы, Сарыағаш қаласының тұрғындары К.Айткулова, Б.Тасболатовтың коммуналдық тұрғын үй берілуіне ықпал етуді сұранып жазған арыздары, Абай Сарыағаш аудандық емханасының дәрігері Г.Куштанованың өзіне қатысты мекеме басшылығының заңсыз ірекеттері туралы жазған шағым арызы, Бірлік ауылы Жаңатіршілік ауылы тұрғындарының мал жайылымы мен егістік жер бойынша жазған өтініші қаралып, заң шеңберінде ықпал ету шаралары қолданылып, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына заңнама талаптарына сәйкес қажетті шаралар қабылдау ұсынылды.

Бұдан бөлек, Сарыағаш қаласы «Бостандық» аумағының биі, жеке кәсіпкер Б.Отарбаевтың сұраныс хаты Қоғамдық кеңесте қаралып, Сарыағаш қаласының Әйтеке би көшесі мен Республикалық маңызы бар А-15 автожолының қиылысына (№12 колледж маңында) Әитеке бидің ескерткішін орнату мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне, Республикалық ономастикалық комиссияға ұсыныс жолдау сұралып Сарыағаш ауданының әкіміне, Сарыағаш аудандық ардагерлер кеңесіне, Сарыағаш аудандық мәслихатына хаттар жолданды.

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы негізінде Қоғамдық кеңестің 2016 жылғы отырыстарында Сарыағаш ауданы әкімдігімен, Сарыағаш ауданының мәслихатымен қабылданатын Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын бірқатар нормитивтік құқықтық актілердің жобалары талқыланып, ұсынымдар тұжырымдалды.

Атап айтқанда:
Сарыағаш ауданы әкімдігімен қабылданатын:
1) «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»;
2) «Сарыағаш ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы»;
3) «Сарыағаш аудандық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы»;
4) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы»;
5) «2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін айқындау туралы» аудан әкімдігі қаулыларының жобалары.

Сарыағаш аудандық мәслихатымен қабылданатын:
1) «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сарыағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы №47-410-V шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»;
2) «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кейбір мәселелері туралы»;
3) «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылатудың кейбір мәселелері туралы»;
4) «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихат шешімдерінің жобалары.

Сонымен қатар «Сарыағаш ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы» Сарыағаш ауданы әкімдігі мен Сарыағаш аудандық мәслихатының бірлескен қаулы және шешімінің жобасы.

Отырыстардың нәтижелерімен нормативтік құқықтық акітлердің жобаларына тиісті қорытындылар берілді.

kaz.doc